Ерте заманда бір патша өмір сүріпті. Патшаның қисапсыз байлығы болса да, үнемі қабағының астынан бір мұң бары байқалып тұрады екен. Сөйтсе, әлгі патшаның перзенті болмапты. Патша қапаланып, қайғырып жүргенінде, бір күні жұбайы жыланның тіліне жерік екенін айтыпты. Осы сөзді қаншама рет Құдайдан жалынып сұраса да, ести алмаған ол жүрегі жарыла қуанып, жар салыпты: Егер кімде-кім менің жарлығыма құлақ асып, жарымның жерік асы жыланның тілін әкеліп берсе, соған жалғыз қарындасымды қосып, өзіме күйеу бала етемін. Бір ескеретін жәйт: ол Сахарадағы жыландар ордасының патшасы атақты Афита-Әбжыланның тілі болуы тиіс, депті. «Үмітсіз–сайтан» демекші, байлық пен аса сұлу патша қарындасын алуға қызыққандар Сахараға жол тартыпты. Олардың ішінде сол шаһарда тұратын бір саудагердің Азу есімді баласы да бар екен. Азу о баста өмірге келгенде, жылан терісін жамыла туыпты. Өз терісінің пайдасын көрмекке әрі сынамаққа ол да үмітпен жыландар ордасына аттаныпты. Азу жолда келе жатып, әр жерде шашылған адам сүйектеріне көзі сүріне береді. «Бұлар да мен сияқты үміткерлер шығар» деп топшылаған ол өзі тек терісінің арқасында ғана аман келе жатқанын түсінеді. Ақырында көп қиындық көріп, Сахараға
Translation animation

Start translation by clicking the word

1/4

©2024 AI-Ym Project by HRI Lab.