Сейпін деген хан болыпты. Ханның Мүбәрак дейтін уәзірі болыпты. Ханның уәзірі ханға айтыпты: Ханда 40 кісінің ақылы бар дейді, егерде сізде 40 кісінің ақылы бола тұрып, дау болса, жаңжал болса бізге неге жолдайсыз, өз бетіңізбен неге бітіріп жібермейсіз? Бізбен неге ақылдасасыз? депті. Сонда хан айтыпты: Ханда 40 кісінің ақылы бар екендігі рас. Бірақ бір жерде Самыр деген шал бар, сол шалда 40 ханның ақылы бар. Сол шалды мұнда қонаққа шақырып кел, депті хан уәзірге. Мүбәрак Самыр шалды қонаққа шақырып әкеліпті. Хан шалдың тамағын беріп сыйлап отырады. Уәзір отырып: «Бұл жаман шалдың қандай қасиеті бар, мынау жеті руды билеген хан, ал анау шал кедей»,- деп ішінен ойлап отырыпты. Хан шалға айтады: «Мен сізге таңертең бір құс жіберемін, сол құсымның екі жақ қанатын жұлып, тазалап жібергейсіз»,- депті. Уәзір не деген сөз екендігіне түсінбей қалыпты. Шал ханға айтыпты: «Хан, мен беске бірді қосып алтау қылып таңертеңнен кешке шейін алтын соққанда отыз екіге жеткізе алмай жүрмін-ау!» - депті. Уәзір тағы не деген сөз екендігіне түсінбей қалады. Шал кетеді. Үш күннен соң хан уәзіріне: «Шалға қонаққа барып кел», депті. Уәзір келсе жаман үйі бар, үсті-басы күйе-күйе шал барын
Translation animation

Start translation by clicking the word

1/3

©2024 AI-Ym Project by HRI Lab.